Шетелде жүргенде, кенеттен ауырып қалдыңыз немесе сақтандыру жағдайы орын алды ма?
Ендеше 24 сағат ішінде бізге телефонмен қоңырау шалыңыз немесе SMS не мессенджерлер (Whatsapp) арқылы байланысыңыз
Өзіңіздің сақтандыру полисіңіз қолыңызда болсын. Операторға мыналарды айтуға дайын болыңыз:
Тегіңіз, Атыңыз, Полисіңіздің нөмірі, Полисіңіздің жарамдылық мерзімі
Орналасқан жеріңіз (ел, қала, қонақүй, бөлме нөмірі)
Біздің сақтандыру компаниямызды атау
Медициналық жәрдем алу қажеттілігінің (ауыру, жарақаттану және т.с.с.) себебін айту
Үйлестіруші сізбен байланыса алатын елдің коды мен телефон нөмірі.
Назар аударыңыз! Шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда, SMS немесе онлайн-чат арқылы ХАБАРЛАМАҒАН ЖӨН!
Ерекше жағдайларда:
Ауыр төтенше жағдай
Сіз барған елде біздің Ассистанс компаниямыздың өкілдігі жоқ кезде
Не можете связаться с нашей Ассистанс компанией
Сіз өзіңіз тұрған жерге жақын орналасқан дәрігерден/медициналық мекемеден көмек алып, олар көрсеткен медициналық қызметтердің шығынын өзіңіз төлеуге құқылысыз.
МАҢЫЗДЫ! Медицналық көмекке өз бетіңізше жүгініп, ақысын төлеген жағдайдағы сіз жасайтын іс-қимылыңыз:
Міндетті түрде дәрігердің қолы мен мекеменің мөрі басылған қызметтер тізімі мен олардың құны және диагноз көрсетілген медициналық құжаттарды алу.
Полисіңіз бен төлқұжатыңыздың көшірмесін (тек көшірмесін) ұсыныңыз.
Дәрігер көмегін алып, қызмет құнын картамен немесе қолма-қол ақшамен төлеңіз.
Міндетті түрде чек пен медициналық баянатты алыңыз
Міндетті түрде 48 сағат ішінде біздің Ассистанс компаниямызға қызметтер құнын өзіңіз төлегеніңіз туралы хабарлап, Ассистанс компанияның ұсынымдарын орындаңыз.
Шығындарды өтеп алу үшін елге оралғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде міндетті түрде біздің сақтандыру компаниямызға өтінімді және сізге көрсетілген медициналық қызметтің құнын төлегеніңізді растайтын құжаттарды өткізіңіз.