Маңызды! БСДБ-дағы техникалық істен шығу туралы ақпарат

Маңызды!
«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ 2025 жылғы 14 сәуір күнінің екінші жартысынан бастап қазіргі уақытқа дейін ЕСБЖ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде техникалық ақаулар, соның ішінде пайдаланушыларды авторизациялау кезінде қиындықтар туындап жатқанын хабарлайды.
МКБ мамандары ақаулардың себептерін жою бойынша кешенді шаралар жүргізіп жатыр. ЕСБЖ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің қызметтері тұрақты жұмыс режиміне өткен кезде қосымша хабарланады.
Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз.