АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ АСТАНА – ЩУЧИНСК БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖКО-ДАҒЫ ЗАРДАП ШЕККЕН ЖОЛАУШЫЛАР ҮШІН САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША АРЫЗ БЕРУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН АЛУ ТУРАЛЫ.

Дом

Құрметті автокөлік иелері,

«Basel» Сақтандыру компаниясы АҚ (бұдан әрі - Компания) Ақмола облысындағы Астана – Щучинск бағыты бойынша орын алған жол - көлік оқиғасының қатысушыларынан міндетті автосақтандыру (ҚҚИ АҚЖ МС) және ерікті автосақтандыру (КАСКО) шеңберінде сіз үшін кез келген қолжетімді тәсілмен өтініштердің қабылданатыны туралы және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға дайындығы туралы хабарлайды.

Өтініш білдіруді келесі жолдар арқылы жүзеге асыра аласыздар:

 1.    7530 (қоңырау шалу тегін) – телефон номері бойынша Компанияның Колл – центріне хабарласу

2.    https://www.basel.kz/dtp сілтемесі бойынша Компанияның сайтында өтініш беру

3.    Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Назарбаева көшесі 244 А – мекен-жайы бойынша орналасқан Компанияның кеңсесінде өтініш білдіру.